20.06.2016

Жаңа биллинг жүйесін ендіру техникалық жұмыстар

Жаңа биллинг жүйесін ендіру техникалық жұмыстар

UPD: Құрметті абоненттер! Қазіргі уақытта теңгерімді толтыру шектеусіз қолжетімді. Теңгерімді тексеру, қызметтер мен тарифтік жоспарларды қосу/сөндіру, есеп айырысу әдісін ауыстыру, т.б. шектеулер бұрын мәлімделгендей, 05 шілдеге дейін күшін жалғастырады.

 

Құрметті абоненттер!

2016 жылдың 1-5 шілдесі аралығында жаңа биллинг жүйесін ендіру жөніндегі техникалық жұмыстарға байланысты Kcell абонентерінің Компания қызметтерін пайдалану жөніндегі келесі шектеулер әрекет етеді:

  • тарифтік жоспарларды кез келген тәсілмен қосу және өшіру;
  • барлық қосымша қызметтерді қосу және өшіру, оның ішінде шектелместен: интернет-қызметтер, оның ішінде турбо-трафикті қосу және оның жылдамдығы төмендегендегі жылдамдықты қалпына келтіру, «Экстра Теңгерім», «Авто Экстра Теңгерім», «Мобильді көмек», «Автотөлем», «Мен үшін төле», «Маған қоңырау шал», «Симфония», «Өз Симфониям», «Соңғы жасырын нөмір», оның ішінде корпоративтік клиенттерге арналған қызметтер, шектелместен, «Телеметрия», «Автомониторинг», «IP-мекенжай», «Револьвер нөмірлер», «Орнықты интернет», «Мобильді рация», сондай-ақ роуминг қызметі және кез келген тәсілмен роумингтегі қосымша қызметтер, халықаралық бағыттарға қоңырау шалуға арналған қызметтер;
  • Kcell сауда таңбасымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарты және жаңа абоненттік нөмірді іске қосу, «Нөмірді таңдау» қызметін қызметін көрсету, сондай-ақ SIM-картаны ауыстыру немесе қалпына келтіру, корпоративтік топқа қосу немесе шығару;
  • абоненттік нөмірді басқа тұлға атына қайта ресімдеу, сондай-ақ Абонент туралы қызметтік ақпаратты өзгерту;
  • VAS-қызметтерді қосу және өшіру, оның ішінде шектелместен: Bookmate, Activ TV, Android Antivirus, «Жұмбақ дауыс», «Kcell есеп», «Бейнепортал», «Инфосейф»;
  • ақпарат беру тілін өзгерту;
  • жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдемені және USSD мәзірі арқылы бағыттауды қосу;
  • несиелік лимитті орнату, өзгерту, лимиттерді бақылау;
  • абонент өтініші бойынша да, уәкілетті органның ұйғарымы бойынша да байланыс қызметтерін көрсетуді уақытша тоқтату/тоқтата тұру, сондай-ақ осындай тоқтатудан кейін байланыс қызметтерін көрсетуді қалпына келтіру;
  • Kcell сауда таңбасындағы ұялы байланыс қызметтерін көрсету шартын бұзу және қызмет көрсетуді тоқтату, бұл ретте шартты бұзу туралы өтініш 2016 жылдың 5 шілдесінде миграция процесі аяқталғаннан кейін бұзу күнімен қабылдана алады. Осындай шарттар бойынша жұмсалмаған ақша қаражатын қайтару заңнамамен орнатылған мерзімдерде жүргізіледі;
  • Кселл желісінен және желісіне «Абоненттік нөмір ауыстыру» қызметін көрсету;
  • «Кселл» АҚ желісінің ішінде Kcell және activ брендтері арасында «Абоненттік нөмірді сақтаумен қызмет көрсетудегі тауар таңбасын ауыстыру» қызметін көрсету;
  • теңгерімді Лезде төлем карталарын іске қосу жолымен толтыру. Теңгерімнің төлем терминалдары, Homebank, онлайн-толтыру, «Автотөлем» қызметтері арқылы толтырылған жағдайында дербес шотқа сомалар кешігіп түсуі мүмкін;
  • жаңа Абоненттерді абоненттік құрылғыларды сатып алуға байланысты науқандарға қосу, сондай-ақ бұрын науқандарға қосылған Абоненттер үшін науқандардың шеңберінде қызметтердің қосымша топтамаларын қосу;
  • абоненттік құрылғыларды сатып алуға байланысты науқандар бойынша келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу;
  • теңгерімді Абонент пайдалана алатын кез келген жолмен, оның ішінде Жеке кабинет арқылы тексеру;
  • «Конференция» қызметін пайдалану;
  • маркетингтік науқан шеңберінде бонустарды беру;
  • қызметтерді алын ала төлеуге шот беру.

Миграция барысында Абоненттер пайдаланатын қызметтер кешіктіріліп есептелуі мүмкін, бірақ 2015 жылдың 5 шілдесінде миграция процесі аяқталғаннан кейін роуминг қызметтерінен басқа аванстық есеп айырысу тәртібіндегі абоненттердің теңгерімдерінде бар қаражат шеңберінде немесе несиелік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттердің несиелік лимиттері шеңберінде толық жүргізіледі.