Кселл компаниясы туралы

Кселл компаниясы туралы

«Кселл» АҚ* ірі скандинавиялық Telia Company телекоммуникациялық холдингінің құрамына кіреді www.teliacompany.com.

«Кселл» компаниясы GSM (900/1800), UMTS/WCDMA (2100 МГц), LTE(4G), LTEAdvanced (700/800 МГц және 1700/1800 МГц) стандартында байланыс қызметтерін көрсетеді.

Компания 1998 жылы құрылған және негізінен В2В сегментіне бағытталған Kcell брендімен және В2С сегментіне бағдарланған activ® брендімен ұялы байланыс қызметтерін көрсетеді. 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Кселл» абоненттік базасы 10 357 мың адамды құрады.

Біздің миссия – клиенттерді бақытты ету. Сол себепті де біз өз клиенттерімізге өз өмірлерінің сәттерімен бөлісу және олар қай жерде болмасын, өз отбасымен және қоғаммен әрдайым байланысты болу мүмкіндігін береміз.

Нарықтағы 17 жыл жұмыс істеген жылдары ішінде компания желінің сигналының қамту аймағын тұрақты кеңейтіп тұрады. 2015 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша «Кселл» Қазақстан халқының 96% дауысты байланыспен және еліміздің тұрғындарының 73% мобильді интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етті. 2016 жылдың басынан бастап компания LTE/4G стандартының желісін өрістету бойынша жұмыстарға кірісті.


«Кселл» акционерлік қоғамы «GSM (Джи Эс Эм) Қазақстан ОАО «Қазақтелеком» ААҚ» құқықтық мирасқоры болып табылады. 2012 жылдың 27 тамызында «GSM (Джи Эс Эм) Қазақстан ОАО «Қазақтелеком» ААҚ» ЖШС акционерлік қоғамға қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылды, компанияның атауы «Кселл» акционерлік қоғамына өзгертілді. 2012 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында (KASE) KCEL сауда кодымен Кселл жай акцияларының сауда-саттықтары басталды. Ал 2012 жылы 17 желтоқсанда ЖДҚ сауда-саттығы Лондондық қор биржасында (LSE) басталды.